"Альфа-Банк" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

17.01.20 15:19
/KASE, 17.01.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Альфа-Банк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 548 400 000 дана; - банктің барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - банктің жалғыз акционері және, тиісінше, банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Альфа-Банк" АҚ болып табылады. [2020-01-17]