17 қаңтардан бастап "СевКазЭнерго" АҚ KZ2C00006500 (SKENb3) облигациялары KASE ресми тізімінің негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді

17.01.20 10:42
/KASE, 17.01.20/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2020 жылдың 16 қаңтарындағы шешімімен "СевКазЭнерго" АҚ (Пестропавл) KZ2C00006500 (SKENb3; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 7 жыл, жарты жылдық купон, жылдық 13,75 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімі 2020 жылдың 17 қаңтарынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Жоғарыда аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жуырдағы уақытта http://kase.kz/ru/issuers/SKEN/ мекен-жайында жарияланады. [2020-01-17]