"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді

16.01.20 15:00
/KASE, 16.01.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Нұр-Сұлтан) өзінің жалғыз акционерінің шешімімен 2019 жылдың 31 желтоқсанындағы шешімімен Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілгені туралы Биржаға хабарлады: - шығарылды: Мамин А.У. – Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі, Директорлар кеңесінің төрағасы, Сүлейменов Т.М. – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Директорлар кеңесінің мүшесі; - сайланды: Бозымбаев К.А., Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Директорлар кеңесінің мүшесі. Енгізілген өзгертулерді ескерумен "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы жеті адамнан тұрады: Бозымбаев К.А., Есімов А.С., Дәленов Р.Е., Альпер Акдениз, Джон Дудас, Онг Бун Хви, Мажибаев К.К. Толық ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/SKKZ/skkz_board_changes_311219_118.pdf [2020-01-16]