"Электржелісін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOС" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

15.01.20 12:38
/KASE, 15.01.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Электржелісін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOС" (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 260 000 000 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компания өзінің 1 390 акциялары кері сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ болып табылады, оның меншігінде 234 000 001 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 90,00% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 90,00%) бар. [2020-01-15]