"Матен Петролеум" АҚ 36,1 млрд теңгенің мүлігін кепілдікке ұсынды

15.01.20 10:33
/KASE, 15.01.20/ – Акицялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Матен Петролеум" АҚ (Атырау) 2020 жылдың 10 қаңтарында 36 126 420 949,00 теңгенің мүлігін кепілдікке бергені туралы хабарлады. Қайта кепілдікке қойылған мүліктің құнының эмитент активінің жалпы құнына пайыздық қатынасы – 20,84. Аталмыш ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/MATN/matn_property_mortgage_100120_36.pdf орналастырылған. [2020-01-15]