"СОКОЛОВКА" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

14.01.20 11:29
/KASE, 14.01.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "СОКОЛОВКА" АҚ ("СОКОЛОВКА" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 1 300 000 дана; - компанияның 1 120 269 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға KS HOLDING GROUP S.A.R.L. болып табылады. [2020-01-14]