"Bank RBK" Банкі" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
13.01.20 11:40
/KASE, 13.01.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Bank RBK" Банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға
өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 қаңтарындағы
жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 160 599 000 000 дана,
артықшылықты акциялар саны – 500 000 дана;
- банктің 1 605 990 000 жай акциялары және 450 000 артықшылықты акциялары
орналастырылған;
- банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі
санына иеленген жалғыз тұлға "КСС ФИНАНС" ЖШС болып табылады, оның меншігінде
1 600 000 000 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан
99,63% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 99,60%) бар.
[2020-01-13]