10 қаңтардан бастап АСТ және NEXT сауда-саттықтар жүйелерінің регламентіне енгізілген өзгертулер қолданысқа енгізілді

10.01.20 16:13
/KASE, 10.01.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2020 жылдың 09 қаңтарынан бастап "АСТ және NEXT сауда- саттықтар жүйелерінің регламенті" (Регламент) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 8 өзгертулер, 2020 жылдың 10 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Аталмыш өзгертулерге сәйкес қаржы құралдарының барлық топтары үшін операциялық күннің басталуы 09:00-ден 08.45-ке ауыстырылсын. Қор нарығы үшін Биржаның операциялық күнінің ашылуы мен жабылуы тәртібін реттейтін, нормаларға тиісті өзгертулер енгізілді. Регламенттің жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/normative_base/reglament_trade.pdf мекен-жайында жарияланған. [2020-01-10]