06 қаңтардан бастап "Қазақстандық Ипотекалық Компаниясы" ипотекалық ұйымы" АҚ KZ2C00006393 (KZIKb30) және KZ2C00006401 (KZIKb31) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді

06.01.20 10:29
/KASE, 06.01.20/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 27 желтоқсанындағы шешімімен "Қазақстандық Ипотекалық Компаниясы" ипотекалық ұйымы" АҚ (Алматы) келесі облигациялары: - KZ2C00006393 (KZIKb30; 1 теңге, 30,0 млрд теңге; 5 жыл, жарты жылдық купон, жылдық 10,25 %; 30/360); - KZ2C00006401 (KZIKb31; 1 теңге, 30,0 млрд теңге; 10 жыл, жарты жылдық купон, жылдық 10,25 %; 30/360) KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімі 2020 жылдың 06 қаңтарынан бастап, эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 2) тармағының шарттарын орындауына байланысты, өз күшіне енді. Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Жоғарыда аталған облигациялар туралы толығырақ ақпарат KASE интернет- сайтында жуырдағы уақытта http://kase.kz/ru/issuers/KZIK/ мекен-жайында жарияланады. [2020-01-06]