"Kaspi Bank" АҚ 2018 жылға KZ000A1CTMF6 (CSBN) және KZ000A1CTMG4 (CSBNp) артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлегені туралы хабарлады

30.12.19 17:00
/KASE, 30.12.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Kaspi Bank" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына 2018 жылға KZ000A1CTMF6 (CSBN) және KZ000A1CTMG4 (CSBNp) артықшылықты акциялары бойынша бір акцияға 1 760,00 теңгеден төлегені туралы хабарлады. Ұсынған ақпаратқа сәйкес акцияларды дивиденд төлеу үшін ұстаушыларды тіркеу күні – 2019 жылдың 30 қыркүйегі. [2019-12-30]