"ҚазТрансОйл" АҚ Новороссийск порты арқылы экспортқа жөнелтілгені туралы хабарлады

30.12.19 15:29
/KASE, 30.12.19/ – Акциялары "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2019 жылдың 30 желтоқсанында баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Желтоқсанда Новороссийск порты арқылы 80 мың тоннадан танкерлік партиялармен одан әрі экспортқа жөнелтуге арналған 160 мың тонна азкүкіртті мұнай Siberian Light сұрыпты жеңіл батыс сібір мұнай қоспасымен алғашқы рет тасымалданды. Мұнай оның сапасын сақтауға мүмкіндік беретін бағыт бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-тың «Атырау-Самара» мұнай құбыры арқылы, одан әрі «Транснефть» ЖАҚ жүйесі бойынша Siberian Light сұрыпты мұнаймен жалпы ағында Новороссийске дейін айдалады. Бұрын мұндай жеткізу көлемдері айына 85 мың тоннадан аспайтын. Қазақстандық азкүкіртті мұнайды шикізаттың сапасын сақтаумен «Атырау- Самара-Новороссийск» құбыр бағыты бойынша жеткізу 2017 жылдың қаңтарынан бері жүзеге асырылып келеді. Бұл ретте, Siberian Light ағынындағы нетбэк жеткізулер Urals-пен салыстырғанда едәуір жоғары, бұл отандық мұнай компаниялары үшін және тұтастай алғанда Қазақстан үшін анағұрлым тиімді. 2019 жылдың 12 айында «ҚазТрансОйл» АҚ «Атырау-Самара» бағыты бойынша шикізаттың сапасын сақтаумен 1 млн 45 мың тонна қазақстандық мұнайды тасымалдады. Негізгі жүкжөнелтуші - «ӨзенМұнайГаз» АҚ, қашағандық мұнайдың көлемі ішінара жеткізілді. цитата соңы [2019-12-30]