"Ликвидный" ЖЗИҚ KZPF00000157 (FHJIlq) және "Процентный" ЖЗИҚ KZPF00000140 (FHJIpc) үлес пұлдары KASE балама сауда-саттық алаңының "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

27.12.19 17:10
/KASE, 12.12.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 27 желтоқсанындағы шешімімен KASE ресми тізімінің "Инвестициялық қордың бағалы қағаздары" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті: - "Ликвидный" аралық үлеспұл инвестициялық қоры (АҮИҚ) KZPF00000157; - "Процентный" АҮИҚ KZPF00000140. Ликвидный" ЖЗИҚ және "Процентный" ЖЗИҚ басқарушы компаниясы "First Heartland Jysan Invest" АҚ (Нұр-Сұлтан) болып табылады. Листингілік комиссияның осы шешімі эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшін енген датасу туралы қосымша хабарланады. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. "Ликвидный" ЖЗИҚ және "Процентный" ЖЗИҚ кастодианы "Сбербанк России" еншілес Банкі АҚ (Алматы) болып табьылады. Аталмыш акцияларға тиісінше FHJIlg және FHJIpc қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. Аталмыш акцияларды шығарылым туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң, KASE интернет-сайтында жарияланады. [2019-12-27]