27 желтоқсаннан бастап ASTS+ сауда-саттық клирингілік жүйесінің сауда-саттық регламентіне өзгертулер қолданысқа енгізіледі

27.12.19 12:08
/KASE, 27.12.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасының 2019 жылдың 26 желтоқсанындағы шешімімен KASE ішкі құжаты "ASTS+ сауда- саттық клирингілік жүйесінің сауда-саттық регламентіне" (Регламент) № 1 (өзгертулер) бекітілді. 2019 жылдың 27 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізіледі. Өзгертулермен KASE басқармасының шешімімен бағалы қағаз бойынша қандай да бір атауының лот көлемін өзгерту мүмкіндігі қарастырылған. Регламенттің жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/reglament_trade_ASTS.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-12-27]