26 желтоқсаннан бастап Еуразия даму банкі XS0831571434 (EABRU200922) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

26.12.19 17:22
/KASE, 26.12.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2019 жылдың 26 желтоқсанынан бастап Еуразия даму банкі XS0831571434 ($500,0 млн; 20.09.12 – 20.09.22; жартыжылдық купон 4,767 %. жылдық; 30/360) халықаралық облигациялары KASE ресми тізіміне "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы бойынша енгізуге келісім берілді: Аталмыш облигациялардың бастамашысы "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" (Алматы). болып табылады. Аталмыш облигациялардың сауда-саттығы ашылуы туралы қазақстан қор биржасында қосымша жарияланады. Осы облигацияларға EABRU200922 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/issuers/EABR/ жуырдағы уақытта жарияланады. [2019-12-26]