KARAZHYRA HOLDINGS B.V. "Қаражыра" АҚ акционерлерінің құрамынан шығарылды

25.12.19 18:03
/KASE, 25.12.19, эмитенттің жаңартылған құжатты үсынуына байланысты қайта таратылды/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қаражыра" АҚ (Семей), 2019 жылдың 12 желтоқсанынан бастап акцияларының он және одан аса пайызын иеленген акционерлерінің құрамындағы өзгерістер туралы биржаға хабарлады: – KARAZHYRA HOLDINGS B.V. компания акцияларының он және одан аса пайызын иеленген акционерлерінің құрамынан шығарылды; - Огай В.Э. және Огай Э.Э. компания акцияларының он және одан аса пайызын иеленген акционерлерінің құрамына кірді. Аталмыш ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/KZHR/kzhr_shareholders_changes_121219_2874.pdf [2019-12-25]