Банк ВТБ АҚ Еншілес ұйымы (Қазақстан) Басқармасының құрамы өзгертілді

25.12.19 15:47
/KASE, 25.12.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Банк ВТБ АҚ Еншілес ұйымы (Қазақстан) (Алматы), Қазақстан қор биржасына 2019 жылдың 25 желтоқсанындағы ақпараттық хабарламасы туралы Биржаға хабарлады: цитата басы Банк ВТБ (Қазақстан) директорлар кеңесінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы шешімімен басқарма төрағасының орынбасары – Банк ВТБ (Қазақстан) басқарма мүшесі Миронов Юрий Владимировичтің уәкілеттілігі ВТБ Тобы аясында басқа жұмысқа ауысуға байланысты тоқтатылды. Юрий Миронов банк саласында 16 жылдан астам, оның ішінде ВТБ Тобында 12 жыл жұмыс істейді. Оның қазынашылықты және қор нарығындағы операцияларды басқару саласында үлкен тәжірибесі бар. Жоғары экономикалық білімге және МВА дәрежесіне ие, экономика ғылымдарының кандидаты. ВТБ (Қазақстан) басқарма төрағасы Дмитрий Забелло Юрий Владимировичтің еншілес банктің дамуына қосқан үлесін жоғары дәрежеде бағалады және оған алдағы уақытта сәттілік тіледі. Қазіргі уақытта Банк ВТБ (Қазақстан) басқарма құрамына банктің бөлшек блогын басқаратын, төрағаның орынбасары Бадыков Артем Салаватович; орта және шағын бизнеске жетекшілік ететін, төрағаның орынбасары Ли Игорь Валерьевич және басқарма төрағасы Забелло Дмитрий Александрович кіреді. цитата соңы [2019-12-25]