"ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары бойындағы транкингтік радиобайланыс желісін DMR сандық стандартына дейін жаңғыртқаны туралы хабарлайды

23.12.19 16:58
/KASE, 19.12.19/ – Акциялары "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2019 жылдың 19 желтоқсанындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары бойындағы қолданыстағы транкингтік радиобайланыс желісін жаңғырту бойынша жұмыстардың негізгі кезеңін аяқтады. 20 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан MРT-1327 стандартының аналогты транкингтік жүйесі DMR Tier-III Pro стандартының цифрлық кәсіби транкингтік радиобайланыс жүйесіне ауыстырылды. Нәтижесінде, 80 транкингтік радиобайланысының базалық станцияларынан тұратын Қазақстандағы ең ірі цифрлық кәсіби транкингтік радиобайланыс жүйесі пайдалануға берілді. «ҚазТрансОйл» АҚ бизнесі ұялы және басқа да байланыс түрлерін қамтымайтын шалғай жерлерде ұзындығы 5 мың шақырымнан асатын магистральдық мұнай құбырларына қызмет көрсетумен байланысты. Техникалық-экономикалық тұрғыдан бірден-бір тиімді шешім - әлемдегі кез- келген заманауи мұнай құбыры компанияларындағыдай жеке транкингтік радиобайланыс желісін құру. Жерсеріктік байланыс қазіргі таңда спутниктік сегментті пайдалануды минут сайын есептеумен қымбат шешім болып табылады. Транкингтік радиобайланысты технологиялық қайта жабдықтау магистральдық мұнай құбырларын пайдаланатын персоналдың әрі қарай үздіксіз жұмысын, радиобайланысты пайдалана отырып магистральдық мұнай құбыры объектілерінде барлық жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ол қолданыстағы қамту аймағын 89% -дан 94% -ға дейін арттырды. Магистральдық мұнай құбырлары бойындағы радиобайланысын қамту аймағының жалпы өлшеу мәліметтері бойынша радиобайланыстың толық жетіспейтін 6% аймағы бар, ол негізгі магистральдық мұнай құбырларының ұзындығы 4 271 км арнайы құрылғымен жалпы өлшенген шамасынан ~ 231 км құрайды. Негізгі себеп - байланыс жоқ қысқа учаскелердің көптігі, жергілікті рельефтің күрделі болуы және осы учаскелердің қолданыстағы базалық станциялардан қашықтығы. цитата соңы [2019-12-19]