20 желтоқсанынан бастап "Транстелеком" АҚ KZ2C00006344 (TCOMb1) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді

20.12.19 17:06
/KASE, 20.12.19/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 11 желтоқсанындағы шешімімен "Транстелеком" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00006344 (1 000 тенге, 22,0 млрд тенге; 12 жыл; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімі 2019 жылдың 20 желтоқсанынан бастап, эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 2) тармағының шарттарын орындауына байланысты, өз күшіне енді. Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған (сауда-саттық коды) TCOMb1 белгісі ұсынылды. Жоғарыда аталған облигациялар туралы толығырақ ақпарат KASE интернет- сайтында жуырдағы уақытта http://kase.kz/ru/issuers/TCOM/ мекен-жайында жарияланады. [2019-12-20]