/ӨЗГЕРТІЛДІ/ "Казхром" трансұлттық компаниясы" АҚ акционері 2019 жылдың үшінші тоқсанынан компанияның жай және артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады және ірі мәмілеге өзгертулер енгізді

19.12.19 17:58
/KASE, 19.11.19, эмитенттің жаңартылған құжатты ұсынуына байланысты қайта таратылды/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Казхром" трансұлттық компаниясы" АҚ (Ақтөбе) жалғыз акционерінің 2019 жылдың 03 желтоқсанындағы шешімдері туралы хабарлады: - компанияның 2019 жылдың үшінші тоқсаны қорытындысы бойынша 2019 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша таза табысынан келесі есеппен дивиденд төлеу және аудару; - компанияның бір жай акциясына – 316,09 теңге; - артықшылықты акциялар бойынша 316,09 теңге дивиденд төлеу және аудару; - артықшылықты акциялар бойынша дивиденд төлеуді бастау күні – 2019 жылдың 12 желтоқсаны; - жай акциялар бойынша дивиденд төлеуді бастау күні – 2019 жылдың 13 желтоқсаны; - ірі мүдделі мәмілеге өзгерту енгізу. Толық ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/KZCR/kzcr_meeting_031219_6816.pdf мекен- жайында жарияланған. [2019-12-19]