"ҚазТрансОйл" АҚ "Транснефть" ЖАҚ-тың 14 қазақстандық мұнай компаниясына жарамсыз мұнай үшін өтемақыны төлегені туралы хабарлайды

19.12.19 17:27
/KASE, 19.12.19/ – Акциялары "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2019 жылдың 19 желтоқсанындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Жарамсыз мұнайды Усть-Луга портына тиелегені үшін шығынның орнын толтыру мәселесі бойынша қазақстандық мұнай компанияларының атынан әрекет ететін «ҚазТрансОйл» АҚ «Транснефть» ЖАҚ-пен қол қойылған келісімдер шеңберінде 14 қазақстандық мұнай компанияларына «Транснефть» ЖАҚ жағынан төлемдер жүзеге асырылды. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы сәуір-мамыр айларында «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесінде тасымалданатын мұнайда хлорорганикалық қосылыстардың жоғары шоғырлануына байланысты төтенше жағдай орын алды, ол өз кезегінде жарамсыз мұнайды қазақстандық жүк жөнелтушілер үшін Усть-Луга портындағы танкерлерге тиеуге әкелді. Анықтама үшін: «ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстарында орналасқан. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша жеткізеді: «Атырау-Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерлерге мұнай құю), теміржол (цистерналарға құю) және КҚК жүйесіне ауыстырып тиеу. цитата соңы [2019-12-19]