19 желтоқсан күні Қазақстан қор биржасында "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ 5,0 млн KZ2C00006328 (BASPb5) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

13.12.19 16:41
/KASE, 13.12.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2019 жылдың 19 желтоқсанында KASE сауда-саттық жүйесінде "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ (Алматы) KZ2C00006238 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BASPb5) облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген шарттармен арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. --------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар ISIN KZ2C00006328 Сауда-саттық коды BASPb5 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, теңге: тіркелген 100 000 000 000 орналастырылған 61 605 000 000 Айналыста болудың алғашқы күні: 15.11.19 Айналыста болудың соңғы күні: 14.11.21 Өтеудің басталу күні 15.11.21 Айналыста болу мерзімі: 24 ай (720 күн) Купон мөлшерлемесі жылдық 8,50 % Купонды төлеу мерзімділігі жылына 1 рет Купондық төлеуді басталуы: 15 қарашада жыл сайын Уақыттық базасы: 30 / 360 --------------------------------------------- ----------------------- Сауда-саттық күні: 19.12.19 Өтеуге дейінгі мерзім: 1,9 жыл (686 күн) Номиналы бойынша жарияланған көлемі, 4 000 000 000 млн.теңге: Лот көлемі, дана 1 Сауда-саттық заты: "таза" бағасы Сатып алуға өтінім түрлері: шектелімді Өтінімдер берудің әдісі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:30–12:30 Өтінімдерді растау уақыты: 10:30–13:00 Кесім уақыты: 15:00 (Т+0) Төлем уақыты: 19.12.19, 15:00 Өтінімдерді кесімдеу әдістемесі: бағалары кесімді бағаға тең немесе одан жоғары, өтінімдер кесімделеді Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: кесімді бағаға тең немесе сатушы үшін ең ұтымды баға бойынша; қарсылама өтінімдердің мөлшеріне пропорционалды Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі орташа сараланған баға бойынша Сауда-саттықты өткізу бастамашысы: "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) Сауда-саттық жүйесінің секторы: Debts_List_ST1 Сауда-саттық жүйесінің тобы: Bonds_ST1_Alt --------------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен жылдық пайызбен көрсетілген, облигациялынң "таза" бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселі болуы тиіс. Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен мәмілелер сомасын есептеу Әдістемесінің 3 бөлімі 18 – тармағына сәйкес есептеледі, ол http://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf мекен- жайында жарияланған. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде көрсетілген уақытқа дейін "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат http://kase.kz/ru/bonds/show/BASPb5/ мекен-жайында жарияланған. [2019-12-13]