"КазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00006385 (KAFIb9) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

13.12.19 17:10
/KASE, 12.12.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 12 желтоқсанынан бастап "КазАгроҚаржы" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00006385 (1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 5 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 11,50 %; 30/360) облигациялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Листингілік комиссияның осы шешімі эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшін енген датасу туралы қосымша хабарланады. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2016 жылдың 09 маусымында 100,0 млрд теңгеге тіркелген, екінші облигациялық бағдарламасы аясында үшінші болып табылады. "КазАгроҚаржы" АҚ қаржылық кеңесшісі "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады Аталмыш акцияларға тиісінше KAFIb9 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. Аталмыш акцияларды шығарылым туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң, KASE интернет-сайтында жарияланады. [2019-12-12]