"Самұрық-Энерго" АҚ Шардара ГЭС-інде үшінші су агрегатын пайдалануға беретіні туралы хабарлады

12.12.19 11:55
/KASE, 12.12.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан), 2019 жылдың 25 қыркүйегінде Биржаға жолдаған хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитатаның басы Шардара СЭС-інде үшінші гидроагрегат іске қосылмақ. Сырдария өзенінде орналасқан су электр станциясын толық жаңғыртумен байланысты ауқымды жоба аяқталып келеді. Төртінші, осы жоба аясындағы соңғы гидроагрегатты іске қосу келесі 2020 жылғы ақпанның соңына жоспарланған. Түбегейлі қайта құру СЭС-тің қуатын 26 процентке – қазіргі 100 МВттан 126 МВт-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Харьков зауытының ескі гидротурбиналарын австрия-германиялық Andritz Hidro GmbX компаниясының жаңа гидротурбиналарына ауыстыру станцияның электр энергиясын өндіруін жылына 480 млн. кВтсағаттан 537 млн. кВтсағатқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жаңа жабдық жылына қосымша 57 млн. кВтсағат электр энергиясын өндіруден тыс, су станциясының жұмыс істеу мерзімін 35-40 жылға ұзартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ СЭС-ті пайдалану сенімділігін арттырып, авария деңгейін төмендетеді. «Самұрық- Энерго» АҚ мамандарының сөзінше, бұл жоба энергия тапшылығын сезініп отырған Түркістан облысын электр энергиясымен қамтамасыз етуде және өңірдегі су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруда үлкен маңызға ие. цитатаның соңы Толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_111219_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_111219.pdf – орыс тілінде. [2019-12-12]