Бүгін Қазақстан қор биржасында "ТехноЛизинг" ЖШС KZ2P00006299 (THLZb1) облигацияларына жазылым жүргізіледі

06.12.19 09:15
/KASE, 06.12.19/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) KASE сауда-саттық жүйесінде "ТехноЛизинг" ЖШС (Нұр-Сұлтан) KZ2P00006299 индекстелген облигацияларына (KASE балама сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, THLZb1; 1 000 тенге, 2,0 млрд тенге; 4 жыл; жылдық 14,00 % жарты жылдық купон; 30/360) жазылым жүргізу арқылы бастапқы орналастыру жүзеге асырылатыны туралы хабарлайды. Аталмыш облигацияларға жазылым жүргізудің сатушысы ретінде "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Фридом Финанс" АҚ (бұдан әрі – Сатушы) болады. Орналастырылатын облигациялардың саны – 1 500 000 дана. Жазылым аясында өтінімдер 2019 жылдың 26 қарашасында алматылық уақытпен (ALT) сағат 11:30-дан 12:30-ге дейін қабылданады. Жазылым жүргізу кезіндегі бағалы қағаздың коды – THLZb1. Жазылым аясында, KASE сауда-саттық жүйесіне жабық әдіспен берілген, тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдегі облигациялар саны данамен көрсетіледі. Сатып алушылар үшін шектеу берілген өтінімдегі максималды саны жазылым шарттарымен анықталмаған. Сатушыға биржамен қабылданған өтінімдерді ұсыну датасы – 2019 жылдың 26 қарашасында; Сатушының бирғаға қанағаттандырылған өтінімдердің тізілімін беру датасы – 2019 жылдың 26 қарашасында; есеп айырысулар датасы – 2019 жылдың 26 қарашасында. Есеп айырысуларды "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ жүзеге асырылады. Жазылымға қатысу туралы өтінімдер тек "қор" санаты бойынша KASE мүшелері арқылы беруге болады. KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/ru/membership мекен-жайында жарияланған. Осы жазылымды өткізудің шарттарына сәйкес, аталмыш облигациялардың эмитентіне ашылатын, инвестор туралы қосымша ақпаратқа келесі кіреді: 1) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаны атауы; 2) Жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН; 3) Инвестордың азаматтығы – жеке тұлғаның немесе инвестордың тіркеуі соның заңнамасына сәйкес жүзеге асырған, мемлекеттің заңды тұлғасы ретінде тікелген, заңды тұлға. Жазылым жүргізудің ережелері KASE интернет-сайтында жарияланған http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf Аталмыш облигациялар туралы толығырақ тақпарат KASE интернет- сайтында жарияланған http://kase.kz/ru/bonds/show/THLZb1/ [2019-12-06]