05 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ2C00004554 (CCBNb32) облигацияларының сауда-саттықтары қайта басталады

05.12.19 10:15
/KASE, 05.12.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2019 жылдың 05 желтоқсанынан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZ2C00004554 облигацияларының (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, CCBNb32) сауда-саттықтары қайта басталатыны туралы хабарлайды. Аталмыш облигациялардың сауда-саттықтары 2019 жылдың 15 қарашасынана бастап осы облигацияларды ұстаушыларының жалпы жиналысы 2019 жылдың 15 қарашасында өткізілгеніне байланысты уақытша тоқтатылған. Аталмыш облигациялардың сауда-саттықтары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі 2019 жылдың 27 қарашасында тіркеген аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды KASE алуына байланысты қайта басталды. Осы өзгертулер мен толықтырулар, соның ішінде, аталмыш облигациялардың индекстелген номиналды құнын есептеу тәртібі нақтыланды: теңгенің АҚШ долларына девальвациясының/ревальвациясының қарқыны коэффициентін есептегенде, KASE валюталық өтпелі сессиясында 11:00-де орнатылған, АҚШ долларының бағамы қолданылады. 2019 жылдың 04 желтоқсанындағы "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ хатымен 2019 жылдың 04 қазанынан бастап аталмыш облигациялар бойынша операцияларды тіркеу қайта басталғаны туралы хабарлады. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар KASE интернет-сайтында жарияланды – http://kase.kz/files/emitters/CCBN/ccbnf9_CCBNb32_izm_271119.pdf Бұдан бұрын осы тақырып бойынша 2019 жылдың 13 қарашасындағы KASE жаңалығы жарияланды – "2019 жылдың 15 қарашасынан бастап ""Банк ЦентрКредит" АҚ KZ2C00004554 (CCBNb32) облигацияларының сауда- саттықтары уақытша тоқтатылды" http://kase.kz/ru/news/show/1418190/ [2019-12-05]