Бүгін Қазақстан қор биржасында "QS Holding" ЖШС KZ2P00006315 (QSHDb1) облигацияларына жазылым жүргізіледі

04.12.19 09:05
/KASE, 04.12.19/ – Бүгін, бұрын хабарлағандай Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) KASE сауда-саттық жүйесінде "QS Holding" ЖШС (Алматы) KZ2P00006299 индекстелген облигацияларына (KASE балама сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, THLZb1; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 4 жыл; жылдық 14,00 % жарты жылдық купон; 30/360) жазылым жүргізу арқылы бастапқы орналастыру жүзеге асырылатыны туралы хабарлайды. Аталмыш облигацияларға жазылым жүргізудің сатушысы ретінде "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (бұдан әрі – Сатушы) болады. Орналастырылатын облигациялардың саны – 18 400 000 дана, бір облигацияның бағасы – 1 000 теңге. Жазылым аясында өтінімдер 2019 жылдың 04 желтоқсанында алматылық уақытпен (ALT) сағат 11:30-дан 12:30-ге дейін қабылданады. Жазылым жүргізу кезіндегі бағалы қағаздың коды – QSHDb1. Жазылым аясында, KASE сауда-саттық жүйесіне жабық әдіспен берілген, тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдегі облигациялар саны данамен көрсетіледі. Сатып алушылар үшін шектеу берілген өтінімдегі максималды саны жазылым шарттарымен анықталмаған. Сатушыға биржамен қабылданған өтінімдерді ұсыну датасы – 2019 жылдың 04 желтоқсанында; Сатушының бирғаға қанағаттандырылған өтінімдердің тізілімін беру датасы – 2019 жылдың 04 желтоқсанында; есеп айырысулар датасы – 2019 жылдың 04 желтоқсанында. Есеп айырысуларды "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ жүзеге асырылады. Жазылымға қатысу туралы өтінімдер тек "қор" санаты бойынша KASE мүшелері арқылы беруге болады. KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/ru/membership мекен-жайында жарияланған. Осы жазылымды өткізудің шарттарына сәйкес, аталмыш облигациялардың эмитентіне ашылатын, инвестор туралы қосымша ақпаратқа келесі кіреді: 1) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаны атауы; 2) Жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН; Жазылым жүргізудің ережелері KASE интернет-сайтында жарияланған http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf Аталмыш облигациялар туралы толығырақ тақпарат KASE интернет- сайтында жарияланған http://kase.kz/ru/bonds/show/QSHDb1/ [2019-12-04]