«ҚазТрансОйл» АҚ қызмет көрсетілмейтін байланыс тораптарын енгізу қорытындылары туралы хабарлайды

28.11.19, 15:51
/KASE, 28.11.19/ – Акциялары "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2019 жылдың 28 қарашасындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Қызмет көрсетілмейтін байланыс тораптары (ҚКБТ) – телекоммуникациялық жабдықты орнатуға арналған бөлек ықшам үй-жайлар. Бұрын тораптар персонал тәулік бойы кезекшілік ететін және жабдықты пайдаланудың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келмейтін бөлмелер болатын. Жеке ҚКБТ құрылысы байланыс инженерлерінің тәулік бойы жұмыста болуларынан бас тартуға, барлық ҚКБТ жүйелеріне орталық бақылау мен басқаруды ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Климатты бақылау, өртті сөндіру, бейнебақылау, қол жеткізуді бақылау жүйелері жетілдірілді. Балама қуат көздері сәтті іске асырылды. ҚКБТ құрылысы 2013 жылы басталды. Кейінгі 4 жыл ішінде бүкіл мұнай құбыры жүйесі бойынша ҚКБТ-ның 26 объектісі салынды. Нәтижесінде жаңа жабдықты пайдалануға берген сәттен бастап 3 жыл ішінде сырт операторлардан үй-жайларды жалға алу шығындарын төмендету және байланыс жүйелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарлы- профилактикалық жұмыстардың жиілігін азайту арқылы 430 млн. теңгеден астам экономикалық тиімділікке қол жеткізілді. «Бұл тораптардағы жабдықтың әдеттегіден айырмашылығы, ай сайын техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейді, қазіргі уақытта жоспарлы- профилактикалық жұмыстар жарты жылда бір рет жүргізіледі. ҚКБТ-ның барлық жабдықтары қашықтан басқару жүйелерімен жабдықталған және штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде жедел әрекет етуге және ақауларды уақытылы жоюға мүмкіндік береді», - деді «ҚазТрансОйл» АҚ басқарушы директоры Әлімжан Дүйсенов. цитата соңы [2019-11-27]