"AMF Group" АҚ KZ2C00004489 (AKFIb4) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

27.11.19 09:59
/KASE, 27.11.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2019 жылдың 27 қарашасынан бастап "AMF Group" АҚ KZ2C00004489 облигациялары (KASE балама алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, AKFIb4; 1 000 тенге, 1,5 млрд тенге; 27.11.18 – 27.11.19, жартыжылдық купон жылдық 11,00 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінен айналым мерзімі аяқталуына байланысты шығарылды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "коммерциялық облигациялар" санатына 2018 жылдың 27 қарашасынан бастап енгізілді. Олардың сауда- саттықтары 2018 жылдың 04 желтоқсанынан бастап ашылған. [2019-11-27]