"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі "Artox Media Digital Group" Digital-агентттігінің ай сайынғы зерттеу қорытындысы бойынша сайттардың қаралауы бойынша рейтинг көшбасшысы болды

25.11.19 14:53
/KASE, 21.11.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы), Биржаға жолдаған 2019 жылдың 21 қарашасында баспасөз мәлімдемесін хабарлады: цитата басы Қазақстан банктері өз сайттарын «Google» және «Яндекс» клиенттерін тарту үшін қаншалықты тиімді пайдалануда? Бұл сұраққа жауап алу үшін «Artox Media Digital Group» Digital-агенттігінің зерттеу бөлімі ай сайын қазақстандық банктердің сайттарының аталған іздеу жүйелерінде көрсетілу деңгейіне талдау жүргізді. Берілген көрсеткіштер қанша клиент түрлі іздеу сұратулары бойынша олардың сайттарын көре алатындығын көрсетеді. Зерттеу критерийі - сайттың көрсетілу деңгейі арқылы қаржы институтының интернет-ресурсы бәсекелестермен салыстырғанда қаншалықты танымал екенін анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстан банктерінің тематикасы бойынша кезекті зерттеу 2019 жылғы 30 қыркүйек пен 1 қараша аралығындағы кезеңде жүргізілді. Кезекті зерттеу нәтижелері бойынша көрсетілу пайызы өткен талдаумен салыстырғанда 9,88%-ға артып, 47,94%-ды құраған Сбербанк Қазақстан көшбасшы атанды. Екінші және үшінші орындарға "Қазақстан Халық банкі" АҚ (сайттың көрсетілуі - 36,55%) және «Банк Хоум Кредит» АҚ (сайттың көрсетілуі - 36,23%) ие болды. "Қазақстанның ірі банктерінің бірі ретінде біз үшін мақсатты аудиториямыз туралы түсініктің болуы және тұтынушыларымызға не маңызды және қызықты екенін білу қажет. Дәл осы іздеу мониторингі бізге адамдардың біздің брендке деген жалпы қарым-қатынасын білуге мүмкіндік береді. Artox Media Digital Group агенттігінің кезекті зерттеуінің қорытындысы біз үшін жағымды жаңалық болды, оның нәтижесінде біз осы жылы үшінші рет қатарынан ай сайынғы зерттеулер көшбасшысы атандық. цитата соңы [2019-11-12]