KASE 03 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП ASTS+ САУДА-КЛИРИНГІЛІК ЖҮЙЕСІН ЭКСПЛУАТАЦИЯҒА ЕНГІЗЕДІ ЖӘНЕ ҚОР НАРЫҒЫНДА ОСЫ ЖҮЙЕ БОЙЫНША ЖАСАЛАТЫН, МӘМІЛЕЛЕР БОЙЫНША ОРТАЛЫҚ КОНТРАГЕНТ ФУНКЦИЯЛАРЫН АТҚАРА БАСТАЙДЫ

25.11.19 15:30
/KASE, 25.11.19, 18.11.19 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) хабарлайды: Директорлар кеңесінің шешімімен KASE 2019 жылдың 03 желтоқсанынан бастап ASTS+ сауда-клирингілік жүйесін (бұдан әрі – ASTS+) эксплуатацияға енгізеді. Қаржы құралдарының сауда-саттықтарын қазіргі сауда-саттық жүйесінен ASTS+ ауыстыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде – 03 желтоқсаннан бастап – ASTS+ жүйесінде келесілердің сауда-саттықтары өткізіледі: - есептесуі теңгемен – акциялар, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары, ETF; - есептесуі АҚШ долларымен – еурооблигациялар, депозиттік қолхаттар. Бұл ретте есеп айырысуы теңгемен еурооблигациялардың және қор нарығының басқа да қаржы құралдарының, соның ішінде репо нарығының қаржы құралдарының сауда-саттықтары KASE қазіргі сауда-саттық жүйесінде қолданыстағы шарттармен, сауда-саттықтарды ASTS+ жүйесіне ауыстырудың екінші кезеңі жарияланғанға дейін, өткізіледі. ASTS+ жүйесіндегі сауда-саттықтардың тәртіптемелері екі санатқа бөлінеді, олардың әрқайсысы есеп айырысулар базасын және қамтуды ұсыну шарттарын анықтайды: - "Т+ тізімі" – жартылай қамтылған сауда-саттықтарға жіберілген, қаржы құралдары; - "Т0 тізімі" – толық алдын ала төлеу (толық қамтылған) шартымен сауда- саттықттарға жіберілген, қаржы құралдары. Есептесуі теңгемен және АҚШ долларымен "жартылай қамтылған" және "толық қамтумен" тәртіптемелерінде жасалған, мәмілелер бойынша сауда- саттық нәтижесі бойынша бірыңғай клиринг жүргізіліп, клирингілік қатысушылардың қорытынды нетто-талаптары мен нетто-міндеттемелері қалыптастырылады. Сауда-саттықтар тәртіптемелерінің және ASTS+ жүйесінің сауда-клирингілік жүйесінің тізімдері KASE интернет-сайтында жарияланған http://kase.kz/files/normative_base/trading_mode_ASTS.pdf Сауда-саттықтар топтары мен тәртімелері бойынша бөлінген ASTS+ сауда- клирингілік жүйесінің қаржы құралдар тізімі мына мекен-жайда жарияланған http://kase.kz/files/normative_base/financial_instruments_1st_release_ASTS.xlsx ASTS+ іске қосылғаннан кейіне бір күнтізбелік ай бойы, ASTS+ жүйесінде сауда жүргізетін, бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкерлерге олардың өз міндеттемелерін орындамау немесе бұзу жағдайында ықпалшаралар қолданылмайтын болады. 03 желтоқсаннан бастап Биржа ASTS+ жүйесінде қор нарығының қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша орталық контрагент функцияларын атқаруға кіріседі, Бұл ретте аталмыш мәмілелер бойынша ақшалай Биржа "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотта қолданумен есеп айырысатын болады. Биржада бағалы қағаздармен жасалған барлық мәмілелер бойынша есеп айырысу ұйымы "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ болып қалады. Сауда-саттықтарды ASTS+ жүйесіне ауыстыру және Биржаның қор нарығында орталық контрагент функциясын атқара бастауына байланысты KASE ішкі құжаттарына тиісті түзетулер енгізіліп, қажетті жаңа құжаттар әзірленді. Аталмыш ішкі құжаттарға енгізілген түзетулер 2019 жылдың 03 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізіледі. Сауда-саттықтарды ASTS+ жүйесіне ауыстыру және Биржаның қор нарығында орталық контрагент функциясын атқара бастауына байланысты енгізілген аталмыш түзетулерді ескерумен жаңартылған KASE ішкі құжаттарымен және жаңа құжаттарымен Биржаның сайтында "ASTS+ арналған ережелер" бөлімінде http://kase.kz/ru/kase_rules_asts/ мекен- жайында танысуға болады. Осы бөлімде ASTS+ жсауда-клирингілік жүйесінің жұмысы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар да жарияланған – http://kase.kz/files/mix/faq_asts.pdf Осы уақиғаға арналған баспасөз мәлімдемесі KASE интернет-сайтында "Баспасөз мәлімдемелері" бөлімінде жуырдағы уақытта жарияланады – http://kase.kz/ru/press_releases/ [2019-11-25]