Бүгін Қазақстан қор биржасында "ТехноЛизинг" ЖШС 20,0 млн KZ2P00006299 (THLZb1) 1,5, млн облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

21.11.19 09:54
/KASE, 21.11.19/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде "ТехноЛизинг" ЖШС (Нұр-Сұлтан) KZ2P00006299 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, THLZb1) облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген шарттармен арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. ---------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар ISIN KZ2P00006299 Сауда-саттық коды THLZb1 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, теңге: тіркелген 2 000 000 000 орналастырылған – Айналыста болудың алғашқы күні: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу күні Айналыста болудың соңғы күні: кейінірек анықталады Өтеудің басталу күні кейінірек анықталады Айналыста болу мерзімі: 4 жыл (1 440 күн) Купон мөлшерлемесі жылдық 14,00 % Купонды төлеу мерзімділігі жылына 2 рет Купондық төлеуді басталуы: кейінірек анықталады Уақыттық базасы: 30 / 360 --------------------------------------------- ------------------------ Сауда-саттық күні: 21.11.19 Номиналы бойынша жарияланған көлемі, 1 500 000 000 млн.теңге: Лот көлемі, дана 1 Сауда-саттық заты: "таза" бағасы Сатып алуға өтінім түрлері: шектелімді және нарықтық Өтінімдер берудің әдісі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:30–13:30 Өтінімдерді растау уақыты: 11:30–14:00 Кесім уақыты: 15:00 (Т+0) Төлем уақыты: 21.11.19, 15:00 Өтінімдерді кесімдеу әдістемесі: бағалары кесімді бағаға тең немесе одан жоғары, өтінімдер кесімделеді Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: кесімді бағаға тең: қарсылама өтінімдерді қабылдау уақыты бойынша Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі кесімді баға бойынша Сауда-саттықты өткізу бастамашысы: "Фридом Финанс" АҚ Сауда-саттық жүйесінің секторы: Debts_List_ST1 Сауда-саттық жүйесінің тобы: Bonds_ST1_Alt ---------------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен жылдық пайызбен көрсетілген, облигациялынң "таза" бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселі болуы тиіс. Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен мәмілелер сомасын есептеу Әдістемесінің 3 бөлімі 18 – тармағына сәйкес есептеледі, ол http://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf мекен- жайында жарияланған. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде көрсетілген уақытқа дейін "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат http://kase.kz/ru/bonds/show/THLZb1/ мекен-жайында жарияланған. [2019-11-21]