"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі өзінің 100-ші бөлімшесін ашты

20.11.19 16:00
/KASE, 12.11.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы), Биржаға жолдаған 2019 жылдың 20 қарашасында баспасөз мәлімдемесін хабарлады: цитата басы Сбербанк Қазақстан өзінің аймақтық желісін кеңейтуді қарқынды түрде жалғасытруда. Еліміздің картасындағы банк бөлімшелерінің саны 100-ге жетті. Петропавл қаласының орталығындағы "Dostyk Mall" сауда орталығындағы аттас жаңа бөлімше Банктің Қазақстандағы мерейтойлық бөлімшесі атанды. Клиенттер аталған бөлімшеде жеке тұлғаларға арналған банктік қызмет түрлерін пайдалана алады (клиенттерге қолайлы болуы үшін жаңа бөлімшенің жұмыс күні сағат 21-ге дейін ұзартылды). Қазақстандағы «Жинақ банкі» АҚ ЕБ тарихы 2006 ж. соңында ресейлік қаржы жүйесінің флагманы, Орталық және Шығыс Еуропаның аса ірі қаржы институты Сбербанк России ТексакаБанктің 99,99% акциясын сатып алуынан басталады. Сол кезден бері өзінің соңғы 13 жылдағы жемісті қызметі бойына Сбербанк Қазақстан еліміздің екінші деңгейлі банктерінің рэнкингінде активтер мөлшері және несиелік портфель көлемі бойынша екінші ірі ойыншыға айналып, еліміздің қаржы нарығында үлкен жетістікке қол жеткізді. Бүгінгі таңда Банктің 100 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы - филиал. "Банкті дамыту стратегиясы аясында біз бөлімшелер желісі мен онлайн қызмет көрсету тұжырымдамасын таңдадық. Бұл ретте біз өз сервисімізді клиенттеріміздің қалауына қарай өзгертуге аса назар аударудамыз. Бизнестің жаңа үлгісіне өту тұрғысынан бұл жылы трансформацияның соңғы кезеңі өтті. Бұл бөлімшелер форматын эргономика тұрғысынан жаңартуға, сондай-ақ банкте қызмет алу кезінде клиенттеріміздің уақытын үнемдеуге қатысты", - деп айтты "Сбербанк" АҚ ЕБ Басқармасының Төрағасы Александр Камалов. цитата соңы [2019-11-12]