Ұлттық Банк "Нұрбанк" АҚ KZ2C00005700 (NRBNb13) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді тіркеді

18.11.19 10:48
/KASE, 18.11.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Нұрбанк" АҚ өзінің KZ2C00005700 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, NRBNb13; 100 тенге, 10,0 млрд тенге; 26.12.18 – 26.12.21; жылдық 11,00 % жарты жылдық купон; 30/360) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулердің көшірмесін және, осының аодында берілгеннің орнына берілген, 2019 жылдың 13 қарашасындағы облигациялық бағдарламасы аясындағы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуінің куәлігін Биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (Ұлттық Банк) аталмыш облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді тіркеді; - аталмыш куәлік, аталған облигациялардың айналыс мерзімі аяқталуына байланысты ауыстырылды; - айналыс мерзімі 3 жылдан 7 жылға өзгерді; - сыйақы мөлшерлемесі аталмыш облигацияларды орналастыру бойынша бірінші жүзеге асқан сауда-саттықтардың қорытындысы бойынша анықталады. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер KASE интернет-сайтында жарияланды – http://kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbnf9_NRBNb13_izm_131119.pdf [2019-11-18]