KASE Басқармасы "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ KZ2C00006328 (BASPb5) және KZ2C00006336 (BASPb6) облигацияларын KASE ресми тізіміне балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгіу туралы шешім қабылдады

13.11.19 10:36
/KASE, 13.11.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2019 жылдың 12 қарашасындағы шешімімен "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ (Алматы) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді: - KZ2C00006328 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 24 ай, жылдық купон, жылдық 8,50 %; 30/360); - KZ2C00006336 (1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 36 ай, жылдық купон 8,50 % жылдық; 30/360). Басқарманың аталмыш шешімі күшіне енетін күні туралы "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.4 қосымшасының 6 тарауы 1 тармағының шарттарын орындалған соң қосымша хабарланады. Аталмыш акциялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялар шығарылымы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде 2019 жылдың 13 қыркүйегінде "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ жалпы сомасы 200,0 млрд теңге бірінші облигациялық бағдарламасы аясында үшінші және екінші тіркелген болып табылады. Аталмыш облигацияларға BASPb5 және BASPb6 белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялар "7-20-25. Әрбір отбасы үшін қол жетімді тұрғын үй" және "Баспана-хит" бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы қосымша ақпарат Басқарманың аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланды. [2019-11-13]