13 қыркүйекте KASE БАҚ үшін биржалық нарықтың 2019 жылдың қазан айындағы жұмыс қорытындылары бойынша медиа-брифинг өткізеді

12.11.19 16:47
/KASE, 12.11.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2019 жылдың 13 қарашасында сағат 11:00 бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) үшін нарықтың 2019 жылдың қазан айындағы жұмыс қорытындылары бойынша медиа-брифинг өткізетіні туралы хабарлайды. Брифингте қазақстандық биржалық нарықтың 2019 жылдың қазан айындағы жұмысы туралы статистикалық ақпараттар ұсынылады. Іс-шараның спикері – KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Андрей Цалюк. Аталмыш іс-шараның өтетін жері: Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" көпфункциялы кешеннің Солтүстік мұнарасы, 1-ші қабат, KASE пресс-румы. Ай сайынғы медиа-брифингтерді Биржа 2017 жылдың мамыр айынан бастап өткізе бастады, оның мақсаты биржалық нарықтағы трендтер мен KASE қызметі туралы көкейкесті ақпараттарды мақсатты аудиторияға жедел жеткізіп отыру, сондай-ақ Биржа мен бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара серіктестік қарым-қатынастарды құру болып табылады. [2019-11-12]