/KASE, 12.11.19/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 08 қарашасындағы
шешімімен "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ (Алматы) KZ2P00006299
(1 000 тенге, 2,0 млрд тенге; 4 жыл, жылдық 14,00 % жылдық купон; 30/360)
облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының
"облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді.
Листингілік комиссияның осы шешімі 2019 жылдың 12 қарашасынан бастап,
эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2
қосымшасының 5 тарауы 1 тармағының шарттарын орындауына
байланысты, өз күшіне енді.
Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы
туралы қосымша хабарланады.
Жоғарыда аталған облигациялар туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-
сайтында жуырдағы уақытта
http://kase.kz/ru/issuers/THLZ/
мекен-жайында жарияланады.
[2019-11-12]