"Halyk Finance" АҚ NOSTRUM OIL & GAS PLC. GB00BGP6Q951 (GB_NTRM) облигациялары бойынша биржадағы маркет-мейкері мәртебесінен бас тартты

11.11.19 17:45
/KASE, 11.11.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2019 жылдың 15 қарашасынан бастап "Halyk Finance" Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ (Алматы, тақырыптамада – "Halyk Finance" АҚ) " NOSTRUM OIL & GAS PLC. GB00BGP6Q951 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, GB_NTRM) облигациялары бойынша биржадағы маркет-мейкерінің міндеттерін атқарудын босатылды. Бұл шешім "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" атты KASE ішкі құжатының 3 бабына сәйкес маркет-мейкердің осы мәртебеден өз еркімен бас тартуы негізінде қабылданды. [2019-11-11]