"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі американдық Citibank-тен беделді марапаттау алды

11.11.19 14:32
/KASE, 11.11.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы), Биржаға жолдаған 2019 жылдың 04 қарашасында баспасөз мәлімдемесін хабарлады: цитата басы Әлемнің аса ірі банктерінің бірі Citibank N.A. (Ситибанк) жыл сайын төлемдер мен ақша аударымдарын рәсімдеугі жоғары сапа бойынша түрлі елдердегі ең үздік банктерді марапаттайды. 2018 жылдың нәтижелері бойынша Сбербанк Қазақстан Citibank-тің өткен жылда Банк төлемдерін сүйемелдеу кезіндегі автоматтандыру бойынша жоғары деңгей үшін (STP) Straight Through Processing Excellence Award беделді марапатына ие болды. Марапаттау үшін негізгі критерийлердің бірі қазақстандық қаржы институтының төлемдерді халықаралық стандарттарға сай жоғары сапада рәсімдеу болып табылды, осының арқасында банк-корреспондент оларды автоматты түрде өңдей алады. 2018 жылы STP үлесі банкаралық төлемдер бойынша 97%-ға және Банк клиенттерінің төлемдері бойынша 95%-ға жетті, бұл төлемдерді өңдеу процессін жылдамдатуға және Сбербанк Қазақстан клиенттері мен серіктестері үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік берді. Сбербанк Қазақстан қаржы саласындағы жаһандық көшбасы тарапынан мойындалып отырған бұл алғашқы кез емес, USD және EUR валюталарындағы төлемдерді автоматтандырудың жоғары деңгейі үшін Citibank марапаты қазақстандық банкке алтыншы рет беріліп отыр. цитата соңы [2019-11-11]