01 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП KASE ӨЗІНІҢ БҰРЫНҒЫ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-САЙТЫН ЖАБАДЫ

08.11.19 14:24
/KASE, 01.11.19, 11.10.19 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2019 жылдың 01 желтоқсанынан бастап, KASE http://old.kase.kz/ мекен-жайындағы бұрынғы ресми интернет-сайтын жабатынын хабарлайды. Биржаның жаңа нұсқасы 2018 жылдың 03 қаңтарынан бастап іске қосылды. Осы күннен бастап KASE жаңа сайтын және оның интерфейсі мүмкіндігін меңгеру үшін қажетті бейімделу кезеңін тұтынушыларға ұсыну мақсатында ресми сайтының екі нұсқасына да актуалды жағдайда қолдау көрсетіп келді. Биржаның http://kase.kz/ корпоративтік интернет-сайты бұрынғыдай KASE жұмысы мен оның көрсететін қызметтері туралы ақпарат берудің негізгі құралдары ретінде, Қазақстанның қор нарығы туралы, биржаның қызметі туралы, оның мүшелері, листингілік компаниялар мен қаржы құралдары туралы ақпараттың негізгі көздері қызметін атқара отырып, ақпарат берудің негізігі құралдарының бірі болып қала береді. KASE Биржаның сайтының құрылымы, мазмұны және жұмысы бойынша ұсыныстары үшін алғыс айта отырып, web@kase.kz мекен-жайына жіберулеріңізді сұрайды. [2019-11-08]