2019 жылдың 20 желтоқсанында "AltynEx Company" АҚ акционерлерінің сырттай дауыс беру арқылы кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

06.11.19 15:15
/KASE, 06.11.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "AltynEx Company" АҚ (Ақтөбе обл.), 2019 жылдың 20 желтоқсанында сырттай дауыс беру арқылы өз акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Күн тәртібіндегі мәселе: - акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы; - компанияның 2019 жылға аудит жүргізетін аудиторлық ұйымын анықтау туралы. Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – http://kase.kz/files/emitters/ATEC/atec_special_shareholders_meeting_info_2012 19_505.pdf [2019-11-06]