04 қарашадан бастап Бағалы қағаздарды бағалау әдіәстемесіне енгізілген өзгертулер қолданысқа енгізіледі

01.11.19 11:04
/KASE, 01.11.19/ – Бұрын хабарланғандай, 2019 жылдың 04 қарашасынан бастап "бағалы қағаздарды бағалау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 14 өзгертулер (2019 жылдың 30 қыркүйегінде қолданысқа енгізілген, қазақстандық теңгемен деноминацияланған, ХҚҰ индекстелмеген облигацияларының кірістілігін есептеу тәртібін анықтайтын, нормалардан басқасы) қолданысқа енгізіледі. Аталмыш өзгертулермен индекстелмеген МБҚ нарықтық бағалары "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздарының кірістілік функциясын анықтау әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE жаңа ішкі құжатына сәйкес, Нельсон-Зигель моделінн қолданумен есептелетіні белгіленді. Осының алдында, 2019 жылдың 30 қыркүйегінен 03 қарашасына дейінгі кезеңде, Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесінің 17-22 тармақтарына сәйкес анықталатын, МБҚ кірістілік функциясының амортизациясы, Әдістемеге сәйкес анықталатын, МБҚ кірістілік функциясына қатысты линиялық амортизация арқылы жүзеге асырылады. Әдістеме KASE интернет-сайтында жарияланған http://kase.kz/files/normative_base/metodika_gzb.pdf [2019-11-01]