04 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында ББҚ –мен автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралының сауда-саттықтары ашылады

04.11.19 11:09
/KASE, 04.11.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2019 жылдың 04 қарашасынан бастап KASE мүшесінің берген өтініші негізінде автоматты репо нарығында мерзімі 1, 7, 14 және 28 күндік репо операциясының заты ретінде "Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес банкі АҚ (Алматы) KZ2C00004570 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, HCBNb6) облигациялары пайдалануға рұқсат етілген, жаңа қаржы құралдарының сауда-саттықтары ашылады. Репо операцияларына тиісінше келесі сауда-саттық қодтары берілді R_HCBNb6_001, R_HCBNb6_007, R_HCBNb6_014 және R_HCBNb6_028. [2019-11-04]