ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ XS1940060046 (IFC_K070221) ЕКІ ЖЫЛДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ЖЫЛДЫҚ 9,5 % -БЕН ЖАЗЫЛЫМ АРҚЫЛЫ 9,5 МЛРД ТЕҢГЕНІ ТАРТТЫ

28.10.19 19:02
/KASE, 28.10.19/ – Бұрын хабарлағандай, 2019 жылдың 22 қазанында Қазақстан қор биржасы (KASE) Қазақстан қор биржасы "Жазылым" сауда- саттық жүйесі модулінде Халықаралық қаржы корпорациясының (ХҚК) XS1940060046 (IFC_K070221) халықаралық облигацияларын алғашқы рет жазылым жүргізу арқылы орналастырылады. Аталмыш облигацияларға жазылым жүргізу кезінде сатушы ретінде "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ қатысады. Өтінімді қабылдау 2019 жылдың 22 қазанында сағат 11;00-ден алматы уақытымен (ALT) сағат 16:30-ға дейін өткізілді. Орналастырылған ноттардың номиналдық көлемі – 15 000 000 000 теңге. Жазылым аясында KASE сауда-саттық жүйесіне берілген шектеулі және нарықтық өтінімдер жабық тәсілмен қабылданды. Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі – 30 %. Өтінімде бағасы ретінде үтірден кейін екінші белгіге дейін дәлдікпен көрсетілген өтеу кірістілігі көрсетілді, қары құралдарының саны ретінде – теңгемен номиналдық көлемі көрсетілді. Облигациялардың максималды санына сатып алушылар үшін шектеулер жазылым шарттарында берілген өтінімдерде белгіленген жоқ. Сауда саттыққа номиналдық көлемі 9 500 000 000 тенге теңгеге 5 шектеулі өтінім берілді. Олар өтінімдерді жинау аяқталу сәтінде белсенді болды. Берілген белсенді өтінімдердің кірістілігі составила 9,5 % құрады. Жазыдым кезінде жиынтық сұраным 9 500 000 000 теңгеге жетті, ол 63,3 % құрайды. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемі институционалдық инвесторларға 15,8 %, өзге заңды тұлғаларға – 84,2 %. Сауда-саттық нәтижесі бойынша эмитент жалпы сомасы 9 500 000 000,0 теңгеге бес өтінімді қанағаттандырды. Эмитент 9 500 000 000 облигацияны орналастырды, өтеу кірістілігі 9,5 % анықтады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" (Алматы) мәліметтеріне сәйкес барлық мәмілелер аталмыш ноттарға жазылым нәтижелері бойынша аталмыш ақпарат жарияланған сәтте есептелді, жазылым аяқталды. [2018-10-28]