"Altyntau Kokshetau" АҚ өзінің KZ1C00001312 (ATKT) жай акциялары бойынша 2018 жылға дивиденд төледі

28.10.19 17:11
/KASE, 28.10.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Altyntau Kokshetau" АҚ (Ақмола обл), 2019 жылдың 24 қазанында 2018 жылға KZ1C00001312 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, ATKT) өзінің жай акциялары бойынша бір акцияға 156,035 АҚШ доллары көлемінде дивиденд төлегені туралы Биржаға хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төлем сомасы 62 414 000 АҚШ долларын құрады. Дивиденд алуға құқылы акционерлердің тізімі 2019 жылдың 07 қазанындағы жағдай бойынша жасалды. Толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – http://kase.kz/files/emitters/ATKT/atkt_dividends_241019_692.pdf [2019-10-28]