30 қазаннан бастап "Қазақстан қор биржасы" АҚ Директорлар кеңесінің Эмитенттердің аудиті жөніндегі комитеті туралы қағида қолданысқа енгізіледі
30.10.19 16:01
/KASE, 30.10.19/ – Қазқстан қор биржасының Директорлар кеңесінің (KASE
немесе Биржа) 2019 жылдың 29 қазанындағы шешімімен ""Қазақстан қор
биржасы" АҚ Директорлар кеңесінің Эмитенттердің аудиті жөніндегі
комитеті туралы қағида" (қағида) атты KASE жаңа ішкі құжаты бекітілді,
құжат 2019 жылдың 30 қазанынан бастап қолданысқа енгізілді.
Қағида Директорлар кеңесінің Эмитенттердің аудиті жөніндегі комитетінің өз
қызметін жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ Биржа мойындайтын аудиторлық
ұйымдар тізімін қалыптастыру және эмитенттердің қаржылық есеп
берушіліктерін және олар бойынша аудиторлық есепьерді қарау тәртібін
анықтайды.
2019 жылдың 30 қазанынан бастап Директорлар кеңесінің Эмитенттердің
қаржылық есеп берушілігі және аудиті жөніндегі комитет туралы қағида өз
күшінен айырылды деп саналады.
Қағида жуырдағы уақытта KASE интернет-сайтында жарияланады.
[2019-10-30]