"Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ Еншілес банкі өзінің KZP03Y02E650 (KZ2C00004042, HCBNb4) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

29.10.19 11:51
/KASE, 29.10.19/ - "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ Еншілес банкі (Алматы) 2019 жылдың 28 қазанында өзінің KZP03Y02E650 (KZ2C00004042, HCBNb4) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 8500000000 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 8000000000 теңгені, купондық сыйақысы – 500000000 теңгені құрады. [2019-10-29]