29 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесінде және мәліметтер дерекқорында "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкінің KZ2C00003200 (SBERb11) облигациялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі және айналыс мерзімі туралы ақпарат өзгертілді

28.10.19 16:32
/KASE, 28.10.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2019 жылдың 28 қазанынан бастап "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі өзінің KZ2C00003200 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, SBERb11; 1 теңге, 50,0 млрд теңге; 10 жыл; жылдық 8,50 % жарты жылдық купон; 30/360) облигациялары бойынша келесідей ақпарат өзгертілетіні туралы хабарлайды: - сыйақы мөлшерлемесінің көлемі облигацияларды орналастыру бойынша бірінші жүзеге асқан сауда-саттықтардың нәтижелеру бойынша анықталады; - айналыс мерзімі 10 жылдан жеті жылға ауыстырылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен 2019 жылдың 18 қазанында тіркелген, аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер KASE интернет-сайтында жарияланды – http://kase.kz/files/emitters/SBER/sberf9_SBERb11_izm_181019.PDF [2019-10-28]