28 қазаннан бастап "Нұрбанк" АҚ KZ2C00005734 (NRBNb14) облигацияларының биржадағы сауда-саттықтары уақытша тоқтатылды

28.10.19 13:06
/KASE, 28.10.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2019 жылдың 28 қазанынан бастап "Нұрбанк" АҚ (Алматы) KZ2C00005734 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, NRBNb14) облигацияларының биржадағы сауда-саттықтары уақытша тоқтатылды. "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ 2019 жылдың 25 қазанындағы хатымен "Нұрбанк" АҚ Директорлар кеңесі аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдауына байланысты, "Орталық бағалық қағаздар депозитарийі" АҚ 2019жылдың 25 қазанынан бастап аталмыш облигациялармен операцияларды тіркеу уақытша тоқтатылғаны туралы Биржаға хабарлады. Аталмыш облигациялардың KASE сауда-саттықтары "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өзінің есепке алу жүйесінде аталмыш облигациялармен операцияларды тіркеу қайта жүргізілетіні туралы ескертпені Биржа алғаннан кейінгі келесі жұмыс күннен бастап қайта өткізілетін болады. [2019-10-28]