2019 жылдың 25 қазан сағат 11:48 бастап "Нұрбанк" АҚ KZ2C00005700 (NRBNb13) облигацияларымен сауда-саттықтары уақытша тоқтатылды

25.10.19 16:51
/KASE, 25.10.19/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) шешімімен 2019 жылдың 25 қазанынан бастап "Нұрбанк" АҚ (Алматы) KZ2C00005700 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, NRBNb13) сауда-саттықтары уақытша тоқтатылды. 2019 жылдың 25 қазанындағы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ хатымен KASE "Нұрбанк" АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне байланысты 2019 жылдың 25 қазанынан бастап, "Орталық депозитарий" АҚ есепке алу жүйесінде аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасында өзгертулер мен толықтырулар енгізілгені туралы хабарлады. Аталмыш облигациямлармен сауда – саттық Қазақстан қор биржасы "Орталық депозитарий" АҚ аталмыш облигациялармен операцияларды есепке алу жүйесінде хабарлама жаңарғаны туралы Қазақстан қор биржасында келесі жұмыс күні жаңартылатын болады. [2019-10-25]