"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ өзінің US48667QAQ82 (XS1807300105, KMGZe14) облигациялары бойынша үшінші купонын төлегені туралы хабарлады

24.10.19 17:26
/KASE, 24.10.19/ - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Нур-Султан) 2019 жылдың 24 қазанында өзінің US48667QAQ82 (XS1807300105, негізгі сауда-саттық алаңы KASE, "облигациялар" санаты, KMGZe14) облигациялары бойынша үшінші купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 33 593 750 АҚШ долларын құрады. [2019-10-24]